Математиканың жаратылыс танудағы ролі мен маңызы зор. Бүгінгі таңда математика барлық ғылым саласында кең көлемде қолданылады. Математикалық аппарат медицина ғылымының арнайы мәселелерінде зерттеу әдісі ретінде пайдаланылады. Сондықтан математика курсының тақырыптарын меңгеру болашақ мамандар үшін қажеттілікке айналып отыр. Жоғары математиканың негізгі ұғымдарын, заңдарын, теорияларын және оның медицина, фармация, биология ғылымдары саласында қолданылуын студент меңгеруі қажет. Пәннің негізгі мақсаты студенттерді фармация, химия, биологияның теориялық және практикалық есептерін шешудің құралы ретінде пайдаланатын қазіргі математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру. Бұл «Жоғары математика» пәні студенттерді оқу процесінде басқа пәндерді оқып үйренуі және болашақ кәсіптік мамандыққа қажетті математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыруға арналған.