Пародонт – бул бір-бірімен генетикалық, морфологиялық, функциональдық тығыз байланысты, тісті қоршаған тіндер кешенін  айтады. Бұл кешеннің құрамына:Қызылиек;  периост; альвеолалық сүйек тіні өсіндісі;  периодонт; тіс түбірің цементі.

Пародонт аурулары - барлық  стоматологиялық патологиялардың ішінде кең тараған,күрделі  әрі өзекті әлеуметтік  мағынасы зор мәселе болып  табылады. Пародонт аурулары -бұл студенттің кәсіби білімі мен дағдыларының бастапқы негізін түзетін,мамандық бойынша жағымды талпыныс  қалыптастыратын  және стоматолог дәрігердің табысының негізі болатын стоамтология бөлімі.Болашақ мамандарды терапиялық стоматологиялық клиникада жиі кездесетін пародонт аурулармен  таныстыру және нақтамалау мен емдеу  дағдыларын меңгеру,науқасты зерттеудің жалпы және арнайы әдісі (диагностика),ауру себептерінің этиологиясын бағалау,терапиялық зерттеу  әдістері сұрақтарына назарын аудару. Пародонтология бұл -ауқымды эстетикалық және қызметтік әсері бар пародонт  тінінің жағдайын қалпына келтіру және науқастарды өмір сапасын жоғарылату әдістерін кешенді түрде жүргізу,пародонт тінінің ауруларын негізгі терапиялық емдеу әдістеріне үйрету,терапиялық ауруларды алдын-алу әдістеріне үйрету.