Визуалды диагностика дегеніміз - ағылшынша IMAGING (сурет, дисплей) сөзінен аударылған термин. Бұл -  дәрігерге техникалық құралдарды қолданып,  диагноз  қоюға  мүмкіндік беретін, атап айтқанда кез-келген дәрігердің көзіне көрінетіндей патологиялық процестің кескінін көрсету.

Сәулелі зерттеу әдістері адам аурулары мен жарақаттарының барысын диагностикалау мен бақылауда кеңінен қолданылады.

Заманауи сәулелік диагностикаға классикалық рентгендік зерттеу, рентгендік диагностиканың жоғары технологиялық әдістері - сандық ангиография, рентгенография және КТ, ультрадыбыстық, оның ішінде жоғары технологиялық әдістер, МРТ және радионуклидті зерттеу кіреді.

Практикалық қолдану аясы әр түрлі және жабдықтың мүмкіндіктеріне, медициналық мекеменің жабдықталуына және патологиялық процестің сипатына байланысты.

Оқудың қазіргі талабы -  оқу процесіне сәулелік  зерттеудің классикалық әдістерін де, заманауи  КТ, МСКТ, МРТ сияқты  компьютерлік технологияларды   енгізуде.