Биостатистика – медицина, қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді қолданумен байланысты ғылыми сала. Статистиканың ұстанымдарын білу болашақ дәрігерлерге денсаулық сақтауға, медицинаға байланысты ғылыми зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және талдау үшін қажетті. Сондықтан бұл пән бойынша студенттер биологиялық статистика теориясының негіздерін, ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздерін меңгеруі керек.

    Пәннің негізгі мақсаты медицина салаларының есептерін шешу құралы ретінде пайдаланатын биологиялық статистиканың негіздерімен таныстыру, ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша мағлұматтар беру. Студенттерді пәннің мазмұнына байланысты білім мен біліктілікке машықтандыру.