Балалар терапевтикалық стоматологиясының негізгі мәселелерінің бірі кез-келген жастағы балаларда кең таралған кариес аурулары және оның асқынулары болып табылады. Балалармен жұмыс жасайтын болашақ стоматологтар тез дамып келе жатқан және өсіп келе жатқан балалар ағзасын морфофункционалды ерекшеліктерін ескере отырып, осы пәннің барлық бөлімдерін біліп, олардың органикалық байланысын түсінулері керек. Олар негізгі стоматологиялық аурулардың пайда болу және даму заңдылықтарын, олардың әртүрлі жастағы балалардағы көріністерін, балалар ағзасына әсерін түсіну үшін жалпы педиатриялық білімге ие болуы керек және өз білімдерін медициналық жұмыста қолдана білуі керек.