Соматикалық аурулармен байланысты ауыз қуысының шырышты қабығының патологиясы кезінде патоморфологиялық өзгерістерді зерттеу; зақымдану элементтерінің болуына және оқшаулануына, клиникалық ағымының ерекшеліктеріне, рецидивтердің болуына, нәтижесі мен болжамына ықпал етеді.Ауыз қуысы ағзаның жалпы жағдайы бейнеленген айна деп аталады. Ауыз қуысының шырышты қабығында (АҚШҚ) науқастың стоматологқа алғашқы қаралуын негіздейтін көптеген соматикалық аурулардың ерте белгілері пайда болады.