Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметін, тұқым қуалайтын ақпараттарды жүзеге асырудың принциптері мен механизмдерін, сонымен қатар жасушалардың құрылымы мен қызметтерінің молекулалық негіздерін, өсу, даму, бөліну, ісіктің трансформациясы және жасушаның өлуі процестерін зерттейді.
 
Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың себептері мен дамуын, олардың диагностикасын, алдын-алуын және емделуін зерттейді
 
Мұндай іргелі дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студент молекулалық биология мен медициналық генетиканы оқи отырып, өмірлік процестердің молекулалық, генетикалық және жасушалық негіздерінің бұзылу механизмдері, олардың патологиялық жағдайлардың пайда болуы мен көрінуіндегі рөлі, сондай-ақ олардың диагностикасы мен алдын-алу негіздері туралы біледі. Бұл биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, балалар стоматологиясы, терапиялық және хирургиялық стоматология, жақ-бет хирургиясы және т.б.