Бұл курс Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін, қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктері мен маңызын, қазіргі Қазақстан тарихы оқиғаларының себеп-салдарлық байланысын зерттейді. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Қазақстан қоғамының алға қойған мақсаттарының сәтті жүзеге асырылуы үшін рухани негіз қажет. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы тарихи және мәдени дәстүрлердің сабақтастығына негізделетін қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмдерін айшықтап береді.