Оториноларингология – құлақ, мұрын, мұрынның қосалқы қойнауларының, жұтқыншақтың, көмейдің ауруларының этиологиясын, патогенезін, аурудың клиникалық ағымын, зерттеу әдістерін және емін қарастыратын, сонымен қатар құлақтың, мұрын, жұтқыншақ, көмейдің басқа ағзалармен және жүйелермен өзара әрекеттесу барысында физиологиялық, патологиялық сұрақтарын қарастыратын клиникалық медицина саласы.