«Саясаттану, Мәдениеттану» модулі білім беру бағдарламасының нысаны ретінде бакалавриат студенттерінің бойында әлеуметтік‑гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру мен қоғамның дамуы туралы саяси‑әлеуметтік, мәдени сауаттылықты көтеруге негізделген білімдерді алуға бағытталған.

Саясаттану қоғамның саяси өмірін, саяси процесстерді оның барша қыры мен көріністерінде зерттейтін ғылым. Оның зерттеу объектісі заманауи қоғамның тіршілік қам-қарекетінің ерекше қыры ретіндегі феномен – саясат, қоғамның саяси жүйесі мен саяси өмірі болып табылады.

Мәдениеттану пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.

«Саясаттану, Мәдениеттану» пәнін оқыту әдістемесі қарастырады:

а) дәрістер оқу;

ә) семинар сабақтарды өткізу;

б) БОӨЖ;

в) БӨЖ.