«Ботаника пәні» фармацевт мамандықтарын дайындауда 1 курс студенттері  үшін қажетті маңызды пән. Өсімдіктерден түрлі препараттарын дайындау үшін қолданылатын  медициналық тәжірибеде үлкен маңызы бар. Ботаниканың өсімдіктердің анатомиясы, морфологиясы, систематикасы, географиясы, физиологиясы, көбеюі сияқты бөлімдері фармакогнозияның негізгі бөлімдерімен тығыз байланысты және оларды оқып-игеру болашық фармацевтерге дәрілік өсімдік шикізатты даярлау, стандарттау және талдау жұмысына қажет. Өсімдік формаларының алуан түрлілігін оқып – игеру олардың құрылысының, көбеюінің, қоректену жолдарының, тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен таныстыруға арналған. 

Пәннің мақсаты. Қазіргі заманғы білім және ботаника жетістіктері негізінде студенттерді өсімдіктердің құрылымының өсу және дамуының негізгі  заңдылықтарымен таныстыру.

Жалпы міндеттер.

- Ботаника зерттеу әдістері мен тәсілдерін  игеру;

-Өсімдік мүшелерінің морфологиялық-анатомиялық құылымын, құрлымының атқаратын қыметіне тәуелділігін, фотосинтездегі өсімдіктің жетілу белгілерін. Пәнге қатысты терминдерді және түсініктерді игеру; 

- Дәрілік өсімдік шикізатына макро - микроскопиялық талдау жүргізу әдістемелерін игеру.


Силлабус ботаника.JPGСиллабус ботаника.JPG