Ұлттық идея қоғамдық санадағы прогресті қамтамасыз етуші күш. Ол халықтың бұқаралық санасында белгілі бір орын алып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі белгілі бір саяси платформаға, әлеуметтік бағдарлық парадигма шамасына жеткенде ол тұтастанған идеологияға айналады. «Мәңгілік Ел» идеясы қазақстандық қоғамды ұйыстырушы әрі алға бастаушы осы ұлттық идеяға жатады.  

«Мәңгілік Ел» құндылықтары пәнін оқытудың мақсаты – "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы" мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, патриоттық рухы, тарихи санасы мен әлеуметтік жадысы, кәсіби біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейлі, мемлекетіміздің тұрақтылығын, тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтау бойынша белсенді әрі шешуші әрекеттерге даяр, өзге мәдениет өкілдерімен салихалы сұхбат құра алатын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу болып табылады.

«Мәңгілік Ел» құндылықтары пәнін оқыту әдістемесі қарастырады:

а) семинар сабақтарды өткізу;

ә) БОӨЖ;

б) БӨЖ.