«Психология және коммуникативтік дағдылар» пәнінің бағдарламасы медицина қызметкерінің пациентпен және оның отбасы мүшелерімен, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнату, пациенттің тағайындалған емді түсінуіне ықпал ету,  пациенттерді қанағаттандыру, денсаулық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру және т.б. медициналық   қағидаларлы ұсыну мен  зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ бұл пән - медициналық білім берумен қатар,  мамандардың кәсіби білімін жетілдіруде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мен пациентпен қарым-қатынас жасау, қолдау, сүйемелдеу, ақпарат жинау, бөлісу, шешім қабылдау, сонымен қатар медициналық және әлеуметтік көмек көрсету, әріптестермен және басқа мамандармен өзара әрекеттесу барысындағы кәсіби дағдыларды қалыптастыруда зор маңызға ие.