Кариес және тістің қатты тіндерінің кариес емес ақаулары –тістің қатты тіндерінің кариес емес ақауларының және кариестің этиологиясын, патогенезін, емдеу мен диагностикалық  қағидаларын  және тістің қатты тіндерінің аурулары бар науқастарды тексеру ерекшеліктерін оқытатын пән. Кариес  және тістің  қатты тіндерінің кариес емес ақауы пәні «Стоматология» мамандығында оқып жүрген студенттерді ары қарай клиникалық кафедраларда оқуын жалғастырып жалпы дағдыдағы дәрігер стоматологтың біліктілігін игеруге және дәрігерлік ойлау қабілеті мен мінез-құлығын қалыптастырады,теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгеруді; кариестің клиникасын, диагностикасын, сараланған диагностикасын және емін білуді; клиникалық диагноз қоя білуді, емдеу әдістерін таңдауды негіздеуді, емдік, аралық төсемдерді, тұрақты пломбаны (химиялық және жарықпен қатаятын) қоя білуді қарастырады.