"Клиникалық эндодонтия" пәні  болашақ мамандарды ұлпа, периодонт ауруларының этиологиясы, патогенезі, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы және ұлпа мен периодонт ауруларын заманауи консервативті емдеу шектерін, хирургиялық және физиотерапиялық емдеу әдістерін оқытады. Тіс ұлпасы мен периодонты ауруларын емдеудегі қателіктер мен асқынулардың алдын алу жолдарын үйретеді.