Ауыз қуысының шырышты қабығының және еріннің қызыл жиегінің обыр алды ауруларының пайда болу себептерін, даму механизмдерін, ықтимал асқынуларын және нәтижелерін зерделеу.Ауыз қуысының шырышты қабығының даму этиологиясы мен патогенетикалық механизмдері туралы түсінік қалыптастыру.Онкосақтану туралы түсініктерді қалыптастыру.Еріннің қызыл жиегі мен АҚШҚ обыр алды ауруларын диагностикалау, саралау диагностикасы бойынша дағдыларды қалыптастыру,еріннің қызыл жиегі және АҚШҚ ауруларымен ауыратын науқастарға терапиялық стоматологиялық көмек көрсету кезеңдерінде операциялық дағдыларды қалыптастыру.Клиникалық ойлау негіздерін, еріктілік пен құпиялылықтың халықаралық стандарттары мен принциптерін, медициналық этика мен деонтология нормаларын, еңбек қызметі барысында кәсіби білім алуға қажеттілікті сақтай отырып, пациенттермен, олардың туыстарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.