«Мәңгілік Ел» құндылықтары пәні білім алушыларға «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының мәні мен мазмұны, әлеуметтік-гуманитарлық, саяси ғылымдардағы ұлт, ұлттық идея мен идеология түсініктеріне қатысты теориялық және әдіснамалық ұстындары, сондай-ақ қазақ халқының тарихындағы ұлттық идеяның қайнар көздері мен қалыптасу барысын және оның әлеуметтік-мәдени мазмұны туралы білім беріп, жаһандану жағдайындағы қазақстандық қоғамдағы ұлттық идеяны қалыптастырудың рухани негіздері мен үрдістері және оған байланысты негізгі тұжырымдамалармен таныстырады.