Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі екендігі аян. Сондықтан Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы болып табылады. ісқағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру, тіркеу, қабылдау, ол бойынша жұмыс істеу, мұрағатқа дайындау т.б. өте қиын. Сондықтан болашақ маманды даярлау барысында бұл пәннің атқаратын рөлі зор.