Тақырып 1. Көшбасшылықты дамытудың жалпы мәселелері

 

Дәрістің  мақсаты- Көшбасшылықты дамытудың жалпы мәселелерін анықтау.

 

Дәріс тезистері

Көшбасшылық – бұл адамдарды өз өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-құлықтарына әсур ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Адамдарды , олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан , өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатында адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып , олардың көшбасшы мақсатын іске асыруға ба,ыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі , сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік –экономикалық статусы түсініктермен байланыстырады.

Көшбасшы мен басқарушы деген ұғымдардың мағынасын ажырата білу қажет. Басқарушы –бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басқарушы қызметкерлері,  орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру  қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.

Көшбасшы міндетті түрде беделді тұлға болуы керек, алайда сонымен қатар,  басқа да маңызды қасиеттері де болуы қажет. Олардың ішінде басты қасиеттердің бірі – қасындағы адамдармен қарым- қатынас  жасай алуы, ол әдетте сенімділікпен қатар жүреді. Адамдармен сойлескен әрбір кезді  көшбасшы олардың сенімділігіне ие болу іске асырылған немесе айырылып қалған мүмкіндік ретінде қарау керек. Ең алдымен ол үлкен әріпті психолог бола алуы тиіс.  Адамдармен сойлесу , қарым-қатынас жасау арқылы оларды іске , қызмет етуге ынталандыру кезінде оның ойшылдығы байқалады.  Айналадағы адамдарға әсер ете алатындай көшбасшы болу тек оның еркі мен қолда бар билігіне ғана тәуелді болмайды, оған деген жол жоғары түсінушілік пен өзін –өзі басқарудан құралады.

 Көшбасшының тағы бір ерекшеліктерінің  бірі – алдына  мақсат қойып, оған жете алуы. Ол өзінің нені нақты қалайтынын жақсы білу керек және оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алдын ала жоспарлай алуы қажет. Ол мақсаттар жұмысқа, қарым – қатынастарға , өзін –өзі дамытуға немесе материалды нысандарға бағытталса да ең бастысы үдерісі әр уақытта бірдей жүреді.  Белгілі бір мақсатқа жету үшін көшбасшыға мәселелерді шешіп , соған сәйкес шешімдер шығару керек.  Болашаққа мақсаттарды құру мен оларды орындауға бағытталған адамның ұмтылысы оның  бойында керекті қасиеттерді сіңіртеді, белгілі бір әрекеттерге ынталандырады. Сондай - ақ ол неғұрлым тезірек тиісті шешім қабылдаса, соғұрлым оның жұмысы өнімді болады. Мақсатқа жету кезінде көшбасшы сабырлы және дипломатты болуы қажет. Ол қасиеттер  өзіне деген сенімділік және жақсы жасалынған жұмысты көре алумен қатар жүруі тиіс болып табылады.

Екінші жағынан , ол қайсарлығымен де танылуы қажет, басқа жағдайда жоғарыда айтылған қасиеттер әлсіздіктің белгісі болып табылады.

Көшбасшылықтың фундаментальды қағидаларының бірі ұйым ішінде басқалардан өзіне деген жақсы қарым – қатынас  пен жақсы жұмыс орнын күтуі болып табылады. Егер бұл күтілулер жиі орындалып тұрса, онда оның нәтижелері де жақсы болады.

Көшбасшының тағы бір қасиеті- оның қайсарлығы болып табылады.

 

Көшбасшының іс жүргізу  бағыттары

Көшбасшы жұмысы  үш бағыт бойынша жүргізілуі тиіс.

·         Тапсырма қажеттілігі – негізгі  мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету.

·         Топ қажеттіліктері - топты белгілі бір тапсырманы орындау үшін құру , сақтау мен ынталандыру, топтық жұмысты марапаттау.

·         Жеке қажеттіліктер – әрқайсысының жеке қажеттіліктерін анықтау және олардың арасындағы татулықты сақтау.

              Егер көшбасшы жұмысын осы үш элементке негіздесек,  онда оның  басты мақсаты нақты жағдай шартында қойылған мақсатқа жету үшін адамдар арасындағы ең жақсы балансқа жету болып табылады.

             Көшбасшының  орындайтын функциялары.

Егер көшбасшы  төменде көрсетілген үш функцияны  орындап жүрсе , онда оны көшбасшы деп толығымен атауға болады.

·         Бағыттаушы

·         Ұйымдастырушы

·         Ынталандырушы

Бағыттаушы  рөлдің негізін  қарастыратын болсақ, көшбасшы іскерлік тапсырмаларды қойған және қабылдаған кезде, анықтағанда , жұмыстың ой мен стиліне аса мән беруі қажет.

Көшбасшы қойылған мақсатқа жету үшін топты біріктеріп, топтық жұмысты жақсы бақылай алу қажет. Бұл Ұйымдастырушы рөлінің негізі. Ынталандыру рөлі ретінде қойылған  тапсырмалардың маңыздылығын түсінуін, өзінің ісін сыртқы дүниемен қарым  қатынас кезінде қорғау  қарастырылады. Егер көшбасшы өзінің рөлін сәтті атқарғысы келсе, бұл үш рөлді  бір – біріне  ажыратып қолдана алмайды.

 

Бақылау сұрақтары:

1.  Көшбасшылық анықтамасы  ұғымға анықтама беріңіз?

2.  Басқару мен көшбасшылық арасындағы айырмашылық

 3. Көшбасшының іс жүргізу  бағыттарын анықтаныз.

4.  Көшбасшының  орындайтын функциялары.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.      Биғалиева Р.Қ Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару,оқулық  Алматы , «Эверо» 2016.516-б.

2.      Үмбеталиева Б.Қ «Менеджмент».Алматы , »Жеті жарғы» 2018ж.

3.      Қазіргі бизнес коммуникация (Мәтін)\ К.Бове, Д.Тилл Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 736б

4.      Төлебаев Ж.С.,Сыдыкова К.Ш.,  Денсаулық сақтаудағы экономика және маркетинг дәрістік құрал.,  Алматы, Ақнұр- 2018ж.

5.      T.Н.Төлеева., Менеджерлерге арналған экономика: ККбағдарламасының тыңдаушыларына арналған оқулық., Литтера 2018ж.

6.      Н.Г.Петрова.,И.В.Додонова.,С.Г.Рогосян., «Основы медицинского менеджмента и маркетинга» Санк Петербург Фолиант  2018.516-б.

 

Студенттерге арналған халықаралық ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі ақпараттық-    электрондық кітапхананың тізімдері

 1. https://studfiles.net

 2. http://kaznui.kz

 3. http://okmpi.kz

 4. https: // shetlibrary.gov.kz