Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының студенттеріне арналған химия пәнінің негізгі мазмұны:    Химия фундаментальді ғылым ретінде зерттеудің және тірі жүйелердегі процесстермен танысатын күрделі инструменті болып келеді. Сондықтан медицина мамандықтарының студенттері ғылымның негізгі көзқарастарын, заңдарын және әдістерін жақсы игеру қажет. Бағдарлама бейорганикалық, органикалық және физикалық химия курстарының маңызды тақырыптарының негіздері қарастырылады.
    «Химия» пәні биохимия, молекулярлы биология, физиология, фармакология, гигиенаның кейбір тарауларын игеру үшін теориялық  базасын дайындайды және медициналық – биологиялық және клиникалық пәндер оқуда фундаментальды ғылымдардан алынған ғылыми дәйектерді және зерттеу әдістерін кең қолдануын қамтамасыз етеді.