Радиациялық гигиена- бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын, әсерсіз түрлерін адамға әсер ету жағдайын, әсерсіз түрлерін, олардың салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағыпталған шараларды қарастыратын өз бетінше дамитын гигиеналық ғылым.

5В 110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша маман дайындауда радиациялық гигиена сұрақтарын меңгеруге, қоршаған орта мен адамға нақты қауіптілік көрсететін, халық шаруашылығының әртурлі салаларында, соның ішінде медицинада, радиоактивті заттардың және иондаушы сәулелердің кеңінен қолданылуы себебті көп көңіл бөлінуі керек, сондықтан берілген пәнді оқытуда иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс кезіндегі қорғау және алдын алу шараларын өңдеу, сондай-ақ радиациялық-қауіпсіздік мәселелері бойынша сұрақтар кеңінен қолданылуы қажет. 

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы студенттеріне берілген пәнді меңгеруінің ерекше маңыздылығы қазіргі Қазақстан жағдайында Семей сынақ ядролық полигоны «Азғыр», «Капустин Яр» полигондарында және олардың кең аумақтарында, ядролық қарудың көп жылдық сынақтарының қолайсыз салдары белгілі болған жағдайда арта бастады.