Неврология -  бас миы және жұлынның, сонымен қатар перифериялық нерв өрімдерімен түйіндердің зақымдануынан пайда болатын ауруларды зерттеумен айналысатын медициналық ғылым. Нерв жүйесі барлық органдар мен системаларды реттейтін күрделі аппарат болғандықтан, неврология мынадай басқа клиникалық дисциплиналармен, кардиология, гастроэнтерология, гинекология, офтальмология, эндокринология, ортопедия, травматология, логопедия және тағы басқаларымен тығыз байланыста.

Қазіргі кезде неврология өте динамикалы түрде дамып жатқан ғылымдардың бірі болып табылады. Нерв жүйесін оқу нәтижесінде анатомиялық,  клиникалық, функциональді и психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, тек қана диагностика жасап қана қоймай,  негізді емді жүргізіп, алдын алу шараларын жүргізуге болады.