Бұл курс Әлеуметтану, Психология негіздерін жүйелі түрде баяндаудан тұрады. Әлеуметтану, Психология ғылым методологиясы және зерттеу әдістері. Әлеуметтану ғылымының дамуы негізгі принциптері мен тенденциялар. Әлеуметтану қоғамның құрылымы мен ондағы әрбір адамның орны туралы білім әлемін ашу. Әлеуметтану әлеуметтік жағдайларды теориялық білім деңгейінде, сондай – ақ нақты-зерттеу жүргізу және оларды талдау арқылы түсінуге үйретеді, олардың нәтижелері практикалық саясат пен әлеуметтік реформаларда жүзеге асырылады. Әлеуметтік білім қоғамның әртүрлі топтарына қатысты әлеуметтік-мәдени қабылдаушылықты тәрбиелеуге көмектеседі. Қазіргі әлем Көпмәдениетті және әлеуметтік алуан түрлі, әр түрлі топтардың бір-біріне қатысты ой-пікірлерін еңсеруге қабілетті.

Психология бөлімі болашақ дәрігердің кәсіби қызметіне жалпы білім беретін пән ретінде кіреді, ол: жалпы және психологиялық мәдениетті арттыруға, адамның психологиялық ерекшеліктері туралы оның қызметінің табыстылық факторы ретінде тұтас түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл қолданбалы білім жүйесі, болашақ мамандарға өзінің мінез-құлқын және басқа адамдардың мінез-құлқын талдай білу, әңгімелесушіні тыңдау және есту қабілеті, оның эмоциялық жағдайын түсіну, оның жас ерекшеліктерін ескеру сияқты кәсіби маңызды жеке тұлғаның қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Осы пәнді оқыту әдістемесі қарастырылады:

а) дәрістер оқу;

ә) семинар сабақтарын өткізу;

б) БОӨЖ;

в) БӨЖ.