Хирургиялық аурулар жалпы тәжірибелік дәрігерді дайындауда негізгі пәндердің бірі болып есептеледі. Замануи хирургия – көптеген ауруларды емдеуге мүмкіндік беретін деңгейге жеткен медицинаның бір саласы. Осы пән кең таралған хирургиялық аурулар туралы түсінік береді, хирургиялық патологиялар жөніндегі білімді, тәжірибелік дағдыларды және клиникалық ой-өрісті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Хирургиялық аурулардың диагностикасы мен рационалды емдеу прициптерін білу ЖООң бітірушілеріне өздерінің кәсіби жұмыстарын атқару кезінде көмегін тигізеді. Қазіргі кезде көптеген аурулар дамыған мемлекеттерде өлімнің негізгі себебі болып есептеледі, сондықтан осы пәннің оқытылуы медицина бакалаврын дайындауда маңызды рөл атқарады, - дәлелдемелі медицина принциптері тұрғысынан хирургиялық аурулардың диагностикасында, алдын-алуында және емдеуде жоғары біліктілік танытады. Оқу барысы кезінде білімалушыларда аурудың нақты себептері, пайда болу механизмдері, дамуы, организм үшін нәтижелері және емдеу принциптері туралы ғылыми тұрғыдан білім қалыптасады.