«Кәсіби қазақ тілі» пәні ЖОО-дағы қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі күннің талаптарына толық жауап беруді нысан етеді. Кәсіби лексиканы өз мамандығымен байланыстыра отырып, білім алушылардың сөздік қорын тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық-әлеуметтік салада және оқу үдерісінде еркін пайдаланып, сауатты жазуға көмектеседі.