«Қоршаған орта және халық денсаулығы» пәні қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) бойынша жас ғылымдардың бірі. Бұл мәселемен экология, география (медициналық география), химия (аналитика, қалдықтардан тазарту), экономика(қоршаған ортаның ластануынан болатын экономикалық шығынды бағалау), санитарлық техника және т. б. айналысады. Сол үшін табиғат пен қоғамның қарым-қатынасының жаңа түрін анықтау қажеттілігі пайда болды. Қазіргі жағдайда қоршаған орта нысандарының сапасын жақсарту мемлекеттің және белгілі аймақтардың тұрақты дамусыз болмайды. Тұрақты даму экономикалық өсуден басқа қоршаған ортаға экологиялық жүктемеде ескеріледі. Сонымен байланысты қоршаған ортаны қорғау саласында білім беру медициналық жоғары оқу орнынының барлық мамандардағы дәрігерлердің кәсіптік іс-әрекетінің қалыптасуы үшін керек.

  Қазіргі кездегі экология – бұл ағзалардың, оның ішінде адамныңда ортамен арақатынастарын зерттеумен, адамзат қоғамның ортаға әсер ету маштабын және рұқсат етілетін шектерін анықтаумен, бұл әсерлерді азайту немесе оларды толық бейтарап ететін мүмкіншіліктерді зерттеумен айналысатын ғылым. Стратегиялық тұрғыдан бұл адамзаттың тірі қалуы туралы және бүкіл жер планетасында жаһандық маштабқа ие болып бара жатқан экологиялық  дағдарыстан шығу туралы ғылым.

Қазақстан Республикасының экологиялық және саяси тұрақтылығы, оның экологиялық және ұлттық қауіпсіздігін экологиялық мәселелерді шешпейінше мүмкін болмайды оны шешудің ең маңызды құрам бөлігі халыққа экологиялық білім беру.  Табиғатпен қоғамның ара-қатынасының стихиялық дамуы адамзаттықты экологиялық апаттың шегіне жеткізді. Экологиялық тәрбиелеу мен білімнің жеткіліксіздігі көп деген өндірістік өрістердегі сияқты түзелмейтін қателіктерге, ғылымдарда және толық барлық шаруашылық қызметтерде, сонымен қатар денсаулық қорғау өрістерінде де соқтырады. Соңдықтан экологиялық білімділік кез келген саладағы дәрігердің мамандық қызметіне де және қалыптасуда ажырамайтын сыңары болуы қажет.