Неврология медициналық ғылым клиникалық медицинаның бір бөлігі ретінде эпидемиологияны, этиологияны, патогенезді, клиниканы, диагностиканы, неврологиялық бұзылыстарды емдеуді және неврологиялық көмек пен науқастарды оңалтуды ұйымдастыруды зерттейді.
«Неврология» пәнінің мақсатыболашақ клиникалық тәжірибе үшін студенттердің невропатология саласындағы құзыреттілігін дамыту.
«Неврология» пәнін меңгеру барысында студенттер жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметінің заңдылықтарын, оның әр түрлі бөлімдерінің зақымдануының негізгі белгілері менсиндромдарын зерттейтін невропатологияның негізі - жалпы неврологиямен және жүйке ауруларын зерттейтін жеке неврологиямен танысады.